"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

02.05.2019

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;
  • 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;
  • I, II немесе III топтағы мүгедек;
  • мүгедек бала;
  • мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
  • «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;
  • табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.


Просмотров 5831

Тізімге оралу