Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтына 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық қоржын құрылымы орналастырылды (http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/dbb/dbb47b8153d4ce4c8e8c68b859f2dea6.pdf).
Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтарының қандай бағалы қағаздарға және қандай көлемде, қандай нарықтық бағамен инвестицияланатыны туралы мәліметті қамтиды.
Алматы, Қазақстан, 15 шілде 2016 жыл – 2016 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 267, 21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда инвестициялық табыс екі есеге дерлік артты. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы бұл көрсеткіштің 141,41 млрд. теңге болғанын еске сала кетейік.
2016 жылдың шілде айында БЖЗҚ ұялы қосымшасы жаңартылып, 2.0 нұсқада шықты, ол қосымшаның бірінші нұсқасына қатысты пайдаланушылардың тілектері мен пікірлерін ескерген өзгерістерді қамтиды. Қазір жаңарту Android платформасына арналған Play Market ішінде тұр. Жақын арада iOS пайдаланушылары үшін де жаңарту шығады.
БЖЗҚ www.enpf.kz. негізгі доменінде жұмыс істейтін жаңа сайтты қолданысқа енгізді.
2016 жылғы қаңтардан бастап жаңа сайт тест түзімінде жұмыс істеді. Осы уақытта БЖЗҚ салымшыларынан веб-сайттың жұмысын жақсартуға қатысты көптеген маңызды ұсыныстар мен түсініктемелер алынды. Ұсыныстардың барлығы ескеріліп, сол арқылы сайттың функционалдық әрі көрнекті бөліктері бұрынғыдан да ыңғайлы қолданысқа көшті.
2016 жылғы 1 маусымда зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн. теңге болды.
2016 жыл басынан бері алған таза инвестициялық табыс – 208,59 млрд. теңге.
Қор жыл басынан бері 85,53 млрд. теңге сомасында зейнетақы төлемдері мен аударымдарын жасады, бұл сомаға 9,06 млрд. теңге көлеміндегі сақтандыру ұйымдарына аударымдар кіріп отыр.
БЖЗҚ әрбір салымшысынның (алушысының) қамын ойлайды, хабарлау арналарының ыңғайлы түрін көбейтуге және қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ұмтылады.
Осыған байланысты БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін «Мобильді кеңсе» жобасы жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестік көмек көрсету, салымшыларға зейнетақы қызметі бойынша БЖЗҚ кеңсесінен тыс жерлерде тиімді қызмет көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір себеппен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын адамдарға Қор мамандарының өздері барып қызмет көрсетеді.
Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.
«Нұр Отан» қоғамдық саяси партиясының институтында «Зерде» экономикалық клубының мәжілісі өтті, онда Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жай-күйі, проблемалары мен болашағы жөнінде тақырып қозғалды.
Мәжіліске Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Зерде» клубының тұрақты қатысушылары – қазақстандық сарапшылар, «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерденаев Руслан Серікұлы бастаған «БЖЗҚ» АҚ басшылығы қатысты.
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,06 трлн. теңге болды.
Зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – шамамен 9,7 млн. бірлік. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 396 150 бірлік болды, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 39 183.
«БЖЗҚ» АҚ ресми сайтына 2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері есебінен құралған инвестициялық қоржын құрылымы орналастырылды (зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы).
Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтарының қандай бағалы қағаздарға және қандай көлемде, қандай нарықтық бағамен инвестицияланатыны туралы мәліметті қамтиды.
01.03.2016ж. жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн., оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 393 986 бірлік болды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны бұрынғыдай шамамен 40 мың адамнан аспайды.
2016 жылғы 1 наурызда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,98 трлн. теңге болды.
Қазақстан Республикасының 02.08.2015 жылғы № 342-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен енгізілген түзетулерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 31 және 32-баптарына сәйкес 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға (ТТЖ) кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқығы бар.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін анықтайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты конституциялық құқығын іске асыруға мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын реттейді.
Заңның 50-бабының ережелеріне сай жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы Заңда көзделген заттай құқықтар қатарына жатады және Заңда белгіленген ерекше мақсаттарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға да пайдалануға болады.
2016 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгерістер ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы жинақтарын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына және ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЕЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарына аударуды көздейді.
БЖЗҚ өзінің күнделікті қызметінде әрбір салымшыға қамқор бола отырып, хабарлау мен сервистік қызмет көрсетудің барынша ұтымды әрі ыңғайлы арналарын дамытуға ұмтылуда.
Салымшылар мен алушылардың барлығына қызмет қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ 2015 жылы мүгедектігі мерзімсіз деп белгіленген І және ІІ топтардың мүгедектері болып табылатын мүмкіндігі шектеулі адамдарға барып қызмет көрсету бойынша жаңа «Мобильдік кеңсе» жобасын іске қосты. Жоба – Қор бастамасы және өз салымшыларына зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен басқа да Қор қызметтерін алудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.
2016 жылғы 1 ақпанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz ресми интернет-сайты жаңа форматта www.enpf.24.kz жұмыс істейді. Қор мамандары әзірлеушілермен бірлесе отырып, өз күштерімен сайтты түрлі жастағы пайдаланушылар үшін барынша атқарымды және көрнекті етіп жасауға тырысып бақты.
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 5,83 трлн. теңге. 2015 жылдың 12 айында түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы – 657,6 млрд. теңге.
2015 жылы БЖЗҚ алған және салымшылар (алушылар) ЖЗШ-ына бөлген инвестициялық табыс – 761,40 млрд. теңге. Осылайша, 2015 жылғы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 13,6% құнсыздану деңгейінде 15,65%-ды құрады.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 342-V заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі өзгерді.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалар:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдардың барлық қызметкерлері 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек сіңірген жылдарына қарамастан республикалық бюджеттен зейнетақымен қамсыздандырылатын болады.
Аталған шара еңбек сіңірген жылдары 1998 жылға дейін кемінде 10 жыл болған әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін көбейту мақсатында қабылданып отыр. Бұрын олар бюджеттен толық көлемде зейнетақы алмаған. Бұл орайда олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкер табысының 20% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған (табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылатын БЖЗҚ-ның басқа салымшыларын қоспағанда).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру бұрынғы жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялармен салыстырғанда комиссиялық сыйақы көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік берді.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының көлемін инвестициялық табыстан 30%-ға және зейнетақы активтерінен 10%- ға төмендету туралы шешім қабылданды. Бұрын (2014-2015 жылдары) БЖЗҚ комиссиялық сыйақысының көлемі инвестициялық табыстың 7,5% және зейнетақы активтерінің 0,025% құраған.