Филиалды таңдаңыз:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 20 қазандағы №189 «2016 жылға арналған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақы көлемін белгілеу туралы» қаулысымен мынадай комиссиялық сыйақы көлемдері белгіленді:
1) инвестициялық табыс сомасынан 5,25 пайыз;
2) зейнетақы активтерінен айына 0,0225 пайыз.
2015 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,2%-ды құрады. 2015 жылы Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін жалпы сомасы 971,6 млрд. теңгеге инвестициялады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялар көлемі жылдық 8,14% орташа алынған кірістілікпен 419,0 млрд. теңгеболды;
- квазимемлекеттік ұйымдардың бағалы қағаздарына инвестициялар көлемі жылдық 8,13% орташа алынған кірістілікпен 105,1 млрд. теңгеболды;
- екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарына инвестициялар көлемі жылдық 9,03% орташа алынған кірістілікпен 371,6 млрд. теңгеболды;
- еурооблигацияларға инвестициялар көлемі жылдық 6,73% орташа алынған кірістілікпен 70,1 млрд. теңгеболды;
- қазақстандық эмитенттердің акцияларына инвестициялар көлемі 5,8 млрд. теңге болды.
Құрметті салымшылар!
Бұрын Алматы қ., Әуезов көшесі, 82 мекенжайында болған Қызмет көрсету орталығының енді Шевченко көшесі, 153/1 – Әуезов көшесінің бұрышында орналасқанын хабарлаймыз. Жұмыс кестесі бұрынғыдай: жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Әрбір 10-ыншы БЖЗҚ салымшысы өз зейнетақы шотының жағдайы туралы
ақпаратты веб-хабарлау арқылы алады.
2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 5,36
трлн. теңге. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шоттары (бұдан әрі - ЖЗШ) 10 078 606 бірлікке жетті, оның ішінде міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарттар – 53,8 млрд. теңге жинақ
сомасымен 382 014 бірлік. Жинақтардың орташа жылдық өсімі – шамамен 20%.
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына (ХЗӘҚҚ) мүше болды.
Варна, Болгария, 2015 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Респбуликасының «Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік
қорлар қауымдастығына (ХЗӘҚҚ) толыққанды мүше ретінде қабылданды.
2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 5,198 трлн. теңге. Шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (бұдан әрі - ЖЗШ) 10 085 214 бірлікке жетті, оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шарттар – 50,3 млрд. теңге жинақ сомасымен 379 324 бірлік. Жинақтардың орташа жылдық өсімі – шамамен 20%.
БЖЗҚ салымшылардан пошталық мекенжайы немесе электрондық адресі өзгергендігі
туралы хабарлауды өтінеді.
Құрметті салымшылар, жеке зейнетақы шотыңыздың (ЖЗШ) жай-күйі туралы
ақпарат алу үшін сіздер төмендегі әдістердің бірін пайдалана аласыз:
1) электрондық - салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e-mail)
хабарлама жіберу;
2) салымшы (алушы) тікелей БЖЗҚ-ға өзі өтініш жасаған кезде;
3) салымшының (алушының) пайдаланушыға берілген логині мен паролін немесе
электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, интернет қызметтері
(www.enpf.kz) арқылы өзі өтініш жасаған кезде;
4) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;
5) пошта байланысы қызметтері арқылы (өзі көрсеткен пошталық мекенжайына).
ЖЗШ жай-күйі туралы үзінді көшірме алу тәсілін салымшылар ақпарат алу тәсілін
өзгерту (белгілеу) туралы келісімге отыру кезінде өз қалауы бойынша таңдайды. Салымшы
бұған дейін таңдаған ақпарат алу тәсілін қордың жақын орналасқан кеңсесіне келіп өзгерте
алады.
Бұл
2015 жылғы 07 қыркүйекте Алматы қаласында «БЖЗҚ» АҚ Дербес қызмет көрсету
орталығы (ДҚКО) жаңа мекенжайда өзінің алғашқы салымшыларын күтіп алды.
Орталықтың Спартак көшесіндегі 30-үйден Сейфуллин көшесіндегі 168Б-үйге көшуіне
бірқатар жағдайлар себеп болды. Біріншіден жаңа кеңсенің көлемі анағұрлым үлкен, оның
жалпы ауданы шамамен 142 кв.м. болады.
«ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес БЖЗҚ салымшыларға жылына кемiнде бiр рет оның зейнетақы жинақтарының жай-
күйi туралы ақпарат беруге міндетті.
2015 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 141,41
млрд. теңге. Биылғы жылдың 1 шілдесінде шарттардың барлық түрі бойынша
салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) – 10 043 572 бірлік.
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 4,92 трлн. теңгеден астам.
2015 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
«Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар
заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын
мақұлдады.
Заң жобасы зейнетақы төлемдерінің дұрыс мөлшерлерін қалыптастыру және
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, қызметкердің және жұмыс берушінің жауапкершілігін
күшейту арқылы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында
әзірленді.
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «БЖЗҚ» АҚ Басқармасының жаңа
құрамы сайланды (03.06.2015ж. №2 хаттама).
«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы болып Ерденаев Руслан
Серикович тағайындалды, ол бұрын «БЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары
лауазымында жұмыс істеген.
БЖЗҚ салымшылар (алушылар) үшін интернет қызметтерін дамытуды жалғастыруда.
2015 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қызметті іске қосқан сәттен бастап (2015
жылғы ақпан) e-gov электрондық үкімет порталы арқылы салымшылар (алушылар)
инвестициялық табысы қоса есептелген өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы
ақпараты бар 20 000-нан астам үзінді көшірмені алды.
Биылғы жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке
зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікті құрады.
Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 трлн. теңгеден асып түсті. 2015 жылдың
бірінші тоқсанында БЖЗҚ алып, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ына бөлінген
инвестициялық табыс – 58,25 млрд. теңге.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы
– 42,43 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома – 3,39 млрд.
теңге.
Салымшы (алушы) жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған кезде (әйелдер – 58
жас, ерлер – 63 жас) міндетті зейнетақы жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы
төлемдерін тағайындау туралы өтініш ресімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын орналасқан
кеңсесіне өтініш білдіруі тиіс.
Интернет өзінің қолжетімділігі мен үнемділігінің арқасында БЖЗҚ-мен өзара қарым-
қатынастағы аса ыңғайлы тәсіл болып табылады. Ол уақытты біршама үнемдеуге, қор
жұмысы мен өз зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты компьютер немесе
ұялы телефон арқылы қордың www.enpf.kz сайтынан тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн
бойы алуға мүмкіндік береді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет
порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы
ақпаратты ала алады.
Бүгінгі күні eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы
аударымдарының сомасы кіріссіз көрсетілген.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі кезекті
декларацияны берген кезде БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы
деректер көрсетілмейді. Осыған байланысты, декларациялау үшін жеке зейнетақы
шотынан үзінді көшірме ұсыну қажет емес екендігін ескертеміз.
Анықтама үшін телефондар: 8 800 080 1177 немесе 1414. Қазақстан бойынша
қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz
Міне 2014 жыл да аяқталып қалды, ал бұл БЖЗҚ-ның сіздерге 2015 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарыңыз туралы жыл сайын ақпарат беруге
қатысты міндетін орындайтын кез келгенін білдіреді.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме Сізге зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарт немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісім
жасасқан кезде өз еркіңізбен таңдаған тәсіл бойынша беріледі.
Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген
тәртіп бойынша қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына әсерін
тигізетін өзгерістердің барлығы туралы БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.