Филиалды таңдаңыз:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы enpf.kz сайтындағы болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзінің болашақ зейнетақы төлемдерін дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы.
1. Ерікті жарналар үшін шот ашқым келеді, себебі, жинағымның мөлшері аздау екендігі туралы ойлана бастадым. Қартайған шағымда көбірек зейнетақы алғым келеді. Қайда жүгінуге болады?
2021 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) талап етілмеген кепілді өтем сомаларын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке алу үшін БЖЗҚ-ға аудару тәртібін белгілейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданысқа енгізіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді.
2021 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,08 трлн теңгеден астам қаржы аударып, 216 860 өтініш орындалды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 5 млн теңгеден асады.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабардар етеді.
2021 жылдың 1 мамырынан ерікті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) негіз болып табылады.
ЕЗЖ салымшының – жеке тұлғаның өз кірісінен өзінің пайдасына аударған сомасы не салымшының (жеке немесе заңды тұлғаның) алушының пайдасына аударған сомасы болуы мүмкін. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды.
Егер аударым жасалынбаса БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы шоттарының жабылатыны жайында оқыдым. Қазіргі уақытта жұмыссызбын, демек, менің шотым жабылады ма? Олай болса жинақтарым қайда кетеді?
2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 385 500 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 704 миллиард теңгеге 585 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
Салымшыларға ыңғайлы болу және зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мен басқарушы компанияларға аударудың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, БЖЗҚ 2021 жылдың басынан бастап ұялы қосымшасын жаңартты.
Қосымша Қордың клиенттеріне арналған және оның қызметі туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ, зейнетақы шотының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
2021 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.03.2020 жылдан бастап 01.03.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,5 триллион теңгеден аса немесе 14% өсті.
2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне еніп, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге ақы төлеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы берілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.03.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 7,2 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе көп. Айта кету керек, өсім электрондық қызметтер бойынша да, БЖЗҚ филиалдарында тікелей көрсетілген қызметтер бойынша да болды.
Ағымдағы жылы БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға өтініш бермеген адамдардың уәкілетті органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық жүйесінде бар екендігін салыстырып тексеруді жүзеге асыра бастады. Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады.
2021 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ 2021 жылдың 18 ақпанынан бері түскен 190 өтінішті өңдеп, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) шамамен 521,4 млн теңге аударды. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,7 млн теңге.
2021 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аудару бойынша жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден асатын 554 өтініш келіп түсті.
«БЖЗҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 27 қаулысымен бекітілген Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу қағидаларының 2021 жылдың 01 наурызынан бастап күшіне енгені туралы хабарлайды.
БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% кем емес мөлшерде жүзеге асырылады. (Бұрын БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% кем емес мөлшерде жүзеге асырылған болатын).
2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.