"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

13.07.2020

Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін «БЖЗҚ» АҚ филиалдары қалай жұмыс істеуде?

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.   

Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің өңірлік филиалдарының төмендегідей жұмыс тәртібі туралы хабарлайды.

Жеті өңірде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сақталады (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% аспайтын бөлігі жұмыспен қамтылады). Күндізгі қабылдау Алматы, Шығыс Қазақстан (Қарауыл ауылы, Ақтоғай станциясы, Қалбатау ауылындағы бөлімшелерден және Семей қаласындағы өңірлік филиалдан басқа), Батыс Қазақстан, Қызылорда (Жаңақорған ауылындағы бөлімшеден басқа), Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Жезқазған қаласындағы өңірлік филиалда жүзеге асырылады.   

Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс қарастырылған.

Қалған облыстарда «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын 31 шілдеге дейін күшінде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері құжаттарды байланыссыз қабылдау және қашықтықтан қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Мұндай режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстық филиалдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдар жұмыс істейді. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.  

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Еске сала кетейік, БЖЗҚ-да барып қызмет көрсету бөлімі де бар. Қазіргі уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлігін тарта отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Telegram чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс тәртібі сілтеме бойынша қолжетімді.


Просмотров 3159

Тізімге оралу