Филиалды таңдаңыз:
Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша ашылған жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) болмаған жағдайда, шот алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылатын болады.
Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген lербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент (агент) – (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға (Заң) сәйкес салынатын ақша.
МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын ашу жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады, ондай тізімді келесілер ұсынады:
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент (агент) – (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады.
Мәні жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардың агенттері ретінде Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында белгіленген салық агенттері қарастырылады.
Бұдан бөлек, Заңның 39-бабы 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар МЗЖ төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы.
Міндетті зейнетақы жарналарын агенттер Заңда белгіленген мөлшерлемелер бойынша төлеуі тиіс.
Салымшы МЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан электрондық хабарлама алған күннен бастап қосылған болып есептеледі.
Шарт заңда көзделген құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ мен МЗЖ салымшысы (МЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың өзге ерекшеліктерін белгілейді.
Салымшы (Алушы) 01.01.2019 жылға дейін жасаған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт Шартқа және БЖЗҚ зейнетақы қағидаларына қайшылық тудырмайтын бөлігінде әрекет ете алады.