Филиалды таңдаңыз:
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!
Салымшы (алушы) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістің барлығы туралы БЖЗҚ-ға мұндай өзгеріс болған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті екенін ескертеміз.
БЖЗҚ міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістер:
1. БЖЗҚ ішкі құжаттарына сәйкес нысаны анықталатын жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта не жеке өтініште көрсетілген тұрғылықты мекенжайдың, салымшының (алушының) электрондық мекенжайының (e-mail), ұялы телефон нөмірінің өзгеруі; | |
2. зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген алушының банк деректемелерінің өзгеруі. |
Сіз:
зейнетақы жинақтарының жай-күйін «пошта арқылы» хабарлау тәсілін таңдасаңыз, пошталық мекенжайдың өзгергені туралы:
- БЖЗҚ-ға өзіңіз келіп өтініш жасағанда (жеке басты куәландыратын құжатты алып келу қажет);
- пошта байланысы не электрондық пошта арқылы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіп, жеке куәлік көшірмесі міндетті түрде қоса бересіз);
зейнетақы жинақтарының жай-күйін «электрондық пошта (e-mail) арқылы» хабарлау тәсілін таңдасаңыз, электрондық пошта мекенжайының өзгергені туралы:
- БЖЗҚ-ға өзіңіз келіп өтініш жасағанда (жеке басты куәландыратын құжатты алып келу қажет);
зейнетақы жинақтарының жай-күйін «интернет арқылы» хабарлау тәсілін таңдасаңыз, электрондық мекенжайдың және (немесе) ұялы телефон нөмірінің өзгергені туралы:
- БЖЗҚ-ға өзіңіз келіп өтініш жасағанда (жеке басты куәландыратын құжатты алып келу қажет);
зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген банк деректемелерінің өзгергені туралы:
- БЖЗҚ-ға өзіңіз келіп өтініш жасағанда (жеке басты куәландыратын құжатты және өзгерген банк шотының деректемелері туралы мәліметтерді алып келу қажет);
- алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін тіркей отырып, пошта байланысы арқылы хабарлай аласыз. Мұндайда банк шоты деректемелерінің өзгергені туралы мәліметтерді қамтитын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолын, сондай-ақ алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін нотариат куәландырады (нотариат тұратын мемлекетте куәландырған жағдайда);
- сенім білдірілген тұлға арқылы хабарлай аласыз, ол мынадай құжаттар беруі тиіс: алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі; сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы, сондай-ақ алушының банк шотының өзгерген деректемелері туралы мәліметтер.
Егер құжат түпнұсқасынан көшірменің дұрыс екенін, алушының өтініштегі қолының түпнұсқа екенін куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариат әрекеті шетелдік мемлекетте жасалса, оларды заңдастыру керек, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайлар қосылмайды.