Зейнетақы жинақтары төлемдерінің кезеңділігі және МЗЖ есебінен
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мерзімдері
БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен берілетін зейнетақы төлемдері 01.01.2018ж. бастап тек ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады (зейнетақы төлемдері бойынша 2018 жылы бірінші рет өтініш берген алушылар үшін).
Сонымен бірге, өзінің зейнетақы төлемдеріне құқығын 01.01.2018ж. дейін іске асырған адамдар үшін (01.01.2018 ж. дейін міндетті зейнетақы жарналары және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемге өтініш беріп үлгірген) мыналарды өзгерту құқығы сақталады:
- зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген кезеңділігін сақтай отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу мерзімі (мысалы, жыл сайын);
- зейнетақы төлемдерінің кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын);
- зейнетақы төлемінің мөлшері, соның ішінде кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін төмендегілердің ішінен ең үлкен шамада есептеу құқығы сақталады:
– республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінде;
– зейнетақы жинақтары сомаларының Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сай алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамасы.