"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 153/1 Әуезов көш. қиылысы
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Амангелді
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Аса
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атасу
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Б. Момышұлы
  • Бадамша
  • Бақанас
  • Балкашино
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Бескөл
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Ботакара
  • Булаево
  • Ганюшкино
  • Глубокое
  • Денисовка
  • Державинск
  • Егіндікөл
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жезкент
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Затобольск
  • Зеренді
  • Зырянов
  • Индер
  • Ырғыз
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қамысты
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарамеңді
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауыл
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Кішкенекөл
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көктөбе
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қорғалжың
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Құрық
  • Қызылорда
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Мамлютка
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Мойынқұм
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Переметное
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Приозерск
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкемер
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Смирново
  • Степногорск
  • Степняк
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Таран
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тимирязев
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Обаған
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Ойыл
  • Үлкен Нарын
  • Ұлытау
  • Орал
  • Ұржар
  • Успенка
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка к.
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Ембі
  • Явленка
1418
Байланыс
орталығы
Алушыларға

КЕСТЕ БОЙЫНША
ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУ

БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:


1. ерлер 63 жасқа толғанда,
әйелдер – 58 жасқа (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 58,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда) ие болады (Заңның 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы және 32-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы);

2. егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топ мүгедектері (Заңның 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы және 32-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – № 1042 Қағидалар) ережелеріне сәйкес, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен берілетін зейнетақы төлемдері 01.01.2018 ж. бастап ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.

Ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің есептелген мөлшерінің төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен емес мөлшерде жүзеге асырылады (2018 жылы бұл сома 54% * 28 284 = 15 273,36 теңгені құрайды).

Өтініш берілген күндегі зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленеді (2018 жылы – 33 745 * 12 = 404 940 теңге).

Егер жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы кезекті ай сайынғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен соманы құраса, бұл қалдық кезекті төлемнің сомасымен бірге төленеді.

№1042 Қағидалардың 6-тармағына сай, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.

БЖЗҚ №1042 Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, жыл сайын белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.

Өзінің зейнетақы төлемдеріне құқығын 01.01.2018ж. дейін іске асырған адамдар үшін (01.01.2018 ж. дейін міндетті зейнетақы жарналары және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төлемге өтініш беріп үлгірген) мыналарды өзгерту құқығы сақталады:

1. зейнетақы төлемдерінің бұрын белгіленген кезеңділігін сақтай отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу мерзімі (мысалы, жыл сайын);

2. зейнетақы төлемдерінің кезеңділігі (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын);

3. зейнетақы төлемінің мөлшері, соның ішінде кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін төмендегілердің ішінен ең үлкен шамада есептеу құқығы сақталады:
˗ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінде;
˗ зейнетақы жинақтары сомаларының Әдістемеге сай алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген шамасы.

Зейнетақы төлемдерін кесте бойынша алушы №1042 Қағидаларға сәйкес, алушының БЖЗҚ-ға өтініш беру тәсіліне қарай төменде көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары төлемдерін алу құқығына ие адамдар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

  1. ерлер 63 жасқа толғанда,

    әйелдер – 58 жасқа (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 58,5 жасқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда);

  2. егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, бірінші және екінші топ мүгедектері

БЖЗҚ кеңсесіне келіп, өзі өтініш жасағанда

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы;

2) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Сенім білдірілген тұлға/заңды өкіл/(қорғаншы/қамқоршы) арқылы (құжаттар БЖЗҚ-ға сенім білдірілген адам/заңды өкіл өзі өтініш жасаған кезде ғана қабылданады)

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) алушының атынан өтінішке қол қою және қажетті құжаттарды беру құқығын көрсете отырып, БЖЗҚ алушысының мүддесін қорғау үшін нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/заңды өкілдің тағайындалғандығы туралы анықтама;

3) сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің* жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, және салыстыру үшін түпнұсқасы;

4) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

Пошта байланысы арқылы

1) алушы өз бетімен толтыратын, белгіленген нысанға сай зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (өтініш бланкісінің өзекті нысаны БЖЗҚ web-сайтына – «Бланктердің нысандары» бөліміндегі №1 қосымшада орналастырылған), бұл ретте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушы қолы нотариатпен куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) алушының банктік шоты туралы мәліметтер.

* Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 1-бабы 13) тармақшасына сай, шетелдік паспорт шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Тиісінше, егер сенім білдірілген тұлға шетелдік азамат болса, онда БЖЗҚ-ға шетелдік паспорт ұсыну қажет (шетелдіктің, соның ішінде Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты қарауға жатпайды).

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 160-бабы 3) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төлем көзінен жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) салынатын табыс түріне жатады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде ЖТС ұстап қалу тәртібі, сондай-ақ жеңілдіктер қолдануға (табысты түзетуге) құқығы бар адамдардың санаты туралы толық ақпарат «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөліміне орналастырылған