"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Алушыларға

МЗЖ салымшысының, өзіне МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған жеке тұлғаның, зейнетақы төлемдерін алушының, нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер


Жерлеуге арналған біржолғы төлем

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 94 еселенген мөлшері шегінде, бірақ қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан асырмай, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін қайтыс болған адамның ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.

Бұл ретте қайтыс болған, нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары қаражаты есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмегеніне назар аударамыз.


Қайтыс болған адамның зейнетақы/нысаналы жинақтарын мұраға қалдыру

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ БЖЗҚ-да нысаналы жинақтары бар, нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұндай жинақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.


1. Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге арналған біржолғы төлем алу үшін БЖЗҚ-ға келесі құжаттар ұсынылады:

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының төлеміне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшелері

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі

1) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде (МО АЖ) зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) МО АЖ-да өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші мен қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
4) зейнетақы жинағы бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің банк шоты туралы мәліметтер

Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі – 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(БЖЗҚ-ға құжаттарды кәмелетке толмаған адамның атынан әрекет ететін заңды өкілі (ата-анасы, асырап алушылары, қамқоршысы, патронаттық тәрбиешісі) ұсынады)

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі (оның ішінде туыстық қатынастарды растайтын құжат ретінде);
2) МО АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) МО АЖ-да өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші мен қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттың түпнсұқасы ұсынылады;
4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
5) ата- анасы болмаған кезде – қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
6) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.

Зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесі – 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға (заңды өкілдің келісімімен)

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне жеке өтініш білдіру арқылы беріледі

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы (оның ішінде туыстық қатынастарды растайтын құжат ретінде);
2) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (16 жастан 18 жасқа дейін) (сәйкестендіру үшін);
3) МО АЖ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
4) МО АЖ-да өтініш берушінің қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші мен қайтыс болған адамның туыстық қатынасын растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады;
5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
6) ата-анасы болмаған кезде – қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы);
7) заңды өкілдің өтініш беруге жазбаша келісімі;
8) зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер.


2. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын, сондай-ақ БЖЗҚ-да нысаналы жинақтары бар, қайтыс болған не заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын алу үшін оның мұрагері (мұрагерлері) БЖЗҚ-ға келесі құжаттарды ұсынады:

БЖЗҚ-дан зейнетақы/нысаналы жинақтарының төлеміне құқығы бар тұлғалар

Құжаттарды беру тәсілі

Қажетті құжаттар тізбесі

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының, сондай-ақ қайтыс болған не заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарының мұрагерлері

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі немесе мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) мұрагердің банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Сенім білдірілген өкіл/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы

Құжаттар БЖЗҚ кеңсесіне сенім білдірілген тұлға жеке өтініш білдіргенде ғана қабылданады

1) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
2) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) нотариат куәландырған сенімхат («Әмбебап сенімхат үлгісі») немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі не заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігі/ заңды өкілді (қорғаншыны/қамқоршыны) тағайындау туралы анықтама/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын өзге де құжат;
5) сенім білдірілген адамның/заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
6) мұрагердің банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Пошта байланысы арқылы

1) мұрагер/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өз бетінше толтыратын, белгіленген нысанға сәйкес төлемдер тағайындау туралы өтініш («Бланкілердің үлгілері»), бұл ретте мұрагердің/заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) төлемдер тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда);
2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда);
3) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
5) заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) өтініш жасаған жағдайда – заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) куәлігінің/ заңды өкілді (қорғаншыны/қамқоршыны) тағайындау туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі/заңды өкіл (қорғаншы/қамқоршы) мәртебесін растайтын өзге де құжат;
6) заңды өкілдің (қорғаншының /қамқоршының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
7) мұрагердің банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Мұрагер – 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(БЖЗҚ-ға құжаттарды кәмелетке толмаған адамның атынан әрекет ететін заңды өкіл (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиеші) ұсынады)

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
2) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
5) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
6) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
7) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Сенім білдірілген тұлға арқылы

Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдіргенде ғана қабылданады

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
2) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
3) мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
4) нотариат куәландырған сенімхат («Әмбебап сенімхат үлгісі») не оның нотариат куәландырған көшірмесі. Бұл ретте сенімхатта сенімхатты куәландыру кезінде заңды өкілдің өкілеттіктері мен мәртебесі тексерілгені туралы нотариустың тиісті жазбасы болуы тиіс. Аталған жағдайда заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар талап етілмейді;
5) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;
6) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат;
7) cенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
8) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Пошта байланысы арқылы

1) заңды өкіл өз бетінше толтыратын, белгіленген нысанға сәйкес төлемдер тағайындау туралы өтініш («Бланкілердің үлгілері»), бұл ретте заңды өкілдің төлемдер тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда);
2) мұрагердің туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
3) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі немесе жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
5) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
6) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;
7) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат;
8) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Мұрагер - 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлға

(заңды өкілдің келісімімен)

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
2) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (мұрагердің жасы 16-дан 18-ге дейін болған жағдайда) (сәйкестендіру үшін) не нотариат куәландырған көшірмесі;
3) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
4) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
5) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат және салыстыру үшін түпнұсқасы;
6) заңды өкілдің БЖЗҚ-да мұраға қалдырылған жинақтарды алу үшін 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өтініш беруіне жазбаша келісімі. Кәмелетке толмаған тұлға заңды өкілінің қатысуынсыз өтініш берген жағдайда, заңды өкілдің өтініш беруге келісімдегі қолы нотариалды куәландырылады. Бұл ретте заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынылмайды;
7) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда адамның қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
8) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
9) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

Сенім білдірілген өкіл/заңды өкіл арқылы (кәмелетке толмаған тұлғаның қатысуынсыз).

Құжаттар сенім білдірілген тұлға БЖЗҚ кеңсесіне өзі келгенде ғана қабылданады

1) сенім білдірілген өкілдің / заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) нотариат куәландырған сенімхат («Әмбебап сенімхат үлгісі») не оның нотариат куәландырған көшірмесі;
3) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
4) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (мұрагердің жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда);
5) заңды өкіл кәмелетке толмаған адамның қатысуынсыз өтініш жасаған жағдайда, өтінішке кәмелетке толмаған адам қолын жеке өзі қояды және нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда). Егер 14-тен 18 жасқа дейінгі мұрагер әрекетке қабілетсіз болған жағдайда оның атынан өтінішке заңды өкіл қол қояды;
6) заңды өкіл өзі өтініш білдіргенде - БЖЗҚ-да мұраға қалған жинақтарды алу үшін 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өтініш беруі үшін заңды өкілдің жазбаша келісімі;
7) сенім білдірілген адам өзі өтініш білдіргенде - заңды өкілдің жазбаша келісімі, сондай-ақ сенім білдірілген адам ұсынған, нотариатта куәландырылған сенімхатта кәмелетке толмаған адамның атынан сенімхатты куәландыру заңды өкілдің қатысуымен және оның келісімімен жүргізілгені туралы нотариустың тиісті жазбасы болған жағдайда заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және оның мәртебесін растайтын құжаттар талап етілмейді. Өтінішке сенім білдірілген адамның өзі қол қояды;
8) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;
9) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат;
10) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
11) мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
12) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі.

Пошта байланысы арқылы

1) мұрагер өз бетінше толтыратын, белгіленген нысанға сәйкес төлемдер тағайындау туралы өтініш («Бланкілердің үлгілері»),бұл ретте мұрагердің төлемдер тағайындау туралы өтініштегі қолын нотариат куәландырады (нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жүргізілген жағдайда);
2) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
3) кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (мұрагердің жасы 16-дан 18 жасқа дейін болған жағдайда);
4) заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
5) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат – қорғаншы тағайындау туралы анықтаманың/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарттың/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын жергілікті атқарушы орган актісінің нотариат куәландырған көшірмесі;
6) кәмелетке толмаған адамды асырап алған және мұраға құқық туралы куәлікте бұрын берілген туу туралы куәлікке сай кәмелетке толмаған адамның ТАӘ/туған күні көрсетілген жағдайда - бала асырап алу туралы куәліктің/ бала асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі/кәмелетке толмаған адамның деректемелерінің өзгеру фактісін растайтын өзге де құжат;
7) заңды өкілдің БЖЗҚ-ға мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өтініш беруіне заңды өкілдің нотариат куәландырған қолы қойылған жазбаша келісімі. Өтініште кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдің келісімімен қол қоюы туралы нотариустың тиісті жазбасы болған кезде заңды өкілдің жеке ресімделген жазбаша келісімі талап етілмейді;
8) МО АЖ-да жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады;
9) мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімі;
10) мұрагердің (кәмелетке толмаған тұлғаның тұлғаның) банк шоты туралы мәліметтер нысаналы жинақтардың мұрагерлеріне төлемдер уәкілетті оператордан ашылған мұрагерлердің банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі

 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес иесіз қалған мүлік деп танылған зейнетақы жинақтарын және (немесе) қайтыс болған нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтарын алу үшін сот актісі бойынша жүгінген адамдар

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі өтініш білдірген кезде

1) заңды күшіне енген сот актісі;
2) банк шоты туралы мәліметтернысаналы жинақтардың төлемдері уәкілетті оператордан ашылған банк шоттарына АҚШ долларымен жүргізіледі


Құжаттарды МО АЖ-дан, оның ішінде  цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Құжаттар пошта байланысы құралдары арқылы берілген жағдайда, қажетті құжаттар топтамасын БЖЗҚ филиалдарының бірінің пошта мекенжайына жіберуге болады


Назар аударыңыз:


008.png Егер төлемдердің мұрагері әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда, жинақтарды төлеу мұрагердің банк шотына ғана жүзеге асырылады. Заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының), сондай-ақ сенім білдірілген адамның банк шотына жинақтарды төлеуге жол берілмейді;

008.png

Егер БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттарды, оның ішінде БЖЗҚ-да жинақтары бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлікті, мұрагерлік құқығы туралы куәлікті шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген жағдайда, сондай-ақ құжаттың көшірмесінің дұрыстығын түпнұсқамен куәландыру, төлемдерді алушының өтініштегі қолының түпнұсқалығын, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шет мемлекетте жүргізілген жағдайда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ куәландырушы жазбалар мен олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармалары «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін құжаттарды заңдастыру қағидаларына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған өзге де халықаралық шарттарға сәйкес заңдастырылуға жатады;

008.png

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мұрагері немесе қайтыс болған адамның мұрагері, оның ішінде мұрагердің сенім білдірілген тұлғасы/ заңды өкілі шетелдік болып табылса, онда мұрагердің/сенім білдірілген тұлғаның/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты ретінде БЖЗҚ-ға, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік не орыс тіліне аударылған және қажет болған кезде нотариат куәландырған және заңдастырылған шетелдік паспорт ұсынылады;

008.png

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын төлемдер салық салуға жататын төлемдер түріндегі табысқа жатады.

БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерге салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат  «Алушыларға» - «Төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде берілген.

008.png

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (Мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы оны қабылдауы тиіс. Бұл ретте мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін. Мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагердің өтініші бойынша (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-2-бабы), егер мұрагер бұл мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алса және мұраны қабылдау үшін белгіленген мерзімді өткізіп алған мұрагер осы мерзімді өткізіп алу себептері жоғалғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінген жағдайда, сот осы мерзімді қалпына келтіре алады және мұрагерді мұраны қабылдаған деп таниды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес құқықтық мирасқорлар жеті кезекке бөлінеді, оның ішінде заң бойынша мұра алу құқығын бірінші кезекте мұра қалдырушының балалары, оның ішінде асырап алған балалары, жұбайлары мен ата-аналары тең үлеспен алады;

008.png

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1083-бабына сәйкес, егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының мұра алу құқығы болмаса, не олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады.Иесіз қалған мүлік мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді. Коммуналдық меншікке түскен, иесіз қалған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.