"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққу
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Ертіс
  • Казталов
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қапшағай
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Комсомольское
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұр-Сұлтан
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
  • Явленка
 жеке
 кабинет
 өтінішті
 жолдау
 сайттан
 іздеу
1418
 байланыс
 орталығы

Жаңалықтар

30.04.2021

Зейнетақы активтері қалай басқарылады?

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

 

enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде салымшылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелімен және басқарушы компанияларға берілген зейнетақы активтерінің портфельдерімен егжей-тегжейлі таныса алады. Сондай-ақ, мұнда ҚР ҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) ұсынған инвестициялық қызметке толық шолулар орналастырылған.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 сәуірінде басқаруда болған зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12 603,7 млрд теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 602,31 млрд теңгені құрады.

Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі шамамен 1,7 млрд теңге. 2021 жылдың ақпан айының соңынан бастап БЖЗҚ-ға салымшылардан зейнетақы активтерінің жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аудару туралы өтініштер түсе бастады. ИПБ-ға алғашқы аударымдар 2021 жылдың 15 наурызынан бастап жүзеге асырылды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша ақпаратты инвестициялық қызметті наурыз айында бастаған үш ИПБ ұсынды. ИПБ инвестициялаған активтердің жалпы көлемі 1,4 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2021 жылдың 1 сәуіріне ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттарын былайша берген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 505,25 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 43,68%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. ҚР Қаржы министрлігінің теңгеге номиналданған МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 8,8%, АҚШ долларында – жылына 4,3% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 793,91 млрд теңге (14,23%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,4% құрады.

- 1 062,57 млрд теңге (8,43%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,1%, АҚШ долларында жылына 0,5% құрады. ЕДБ депозиттеріне 248,24 млрд теңге (немесе портфельдің 1,97%) орналастырылды. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,1 %-ды құрады.

- 1 056,52 млрд теңге (портфельдің 8,38%-ы) мөлшеріндегі сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 29,39 % құрады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

-  ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,92%, АҚШ долларында – 30,93%, ресей рублінде – зейнетақы активтері портфелінің 0,14%-ы.

Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 216,85 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 46,01 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 24,82 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 50,75 млрд теңге;

- өзге де кірістер 28,8 млрд теңгені құрады.

Осылайша, 2021 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 367,23 млрд.теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,90% инфляция кезінде 2,84% болды. Егер жылдық мәнде қарайтын болсақ, онда БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін 2020 жылғы сәуірден бастап 2021 жылғы наурызға дейін зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,00% мөлшеріндегі инфляция кезінде 7,57% болды.

Эмитенттер мен номиналды табыстылықты көрсете отырып, қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

"Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 663,97 млн теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 60,11%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары (39,64%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатында қалған активтер (0,25%) сатып алынды. Портфельдің 60,36%-ы теңгеде, 39,64%-ы АҚШ долларында. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 6,18 млн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің табыстылығы – 0,89% пайыз.

«Halyk Global Markets» АҚ 1 сәуірде басқаруға 502,97 млн теңгені қабылдады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары (99,5%) және шоттардағы ақша қаражаттары бар. Барлық инвестициялар ұлттық валютада номиналданған. Кезең ішінде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 1,21 млн теңге, табыстылық 0,23% құрады.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 304,42 млн теңгені құрады. Олар инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа (64,02%), РЕПОҒА (18,1%), ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына (12,49%), шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (8,05%), пайларға (ETF индекстерге) (6,86%) бөлінген. Ұлттық валютада портфельдің 85,08%-ы, АҚШ долларында 14,92%-ы номиналданған. Инвестициялық табыс кезеңіне есептелген сома 0,94 млн теңгені құрады, табыс - 0,29%.

Әрбір ИПБ-ның қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы эмитенттер мен номиналды табыстылығы көрсетілімімен БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.


Просмотров 524

Тізімге оралу