Қазақстанда КСРО-дан мұра болып қалған ортақ зейнетақы жүйесі жұмыс істеді.
КСРО-ның ыдырап, экономикалық дағдарыстың орын алуы, жұмыскерлер мен зейнеткерлердің ара-қатынасының өзгеруі ортақ жүйеге кері әсер етті. Зейнетақыны кешіктіріп төлеу мерзімі 6 айға жетті.
РЗейнетақы жүйесінің жаңа – жинақтаушы моделі әзірленді.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасы” қабылданды.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заң қабылданды.
“Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы” (ГНПФ) Үкімет қаулысы шықты.
ГНПФ-ті тіркеу туралы куәлік берілді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылды: қазақстандықтар жалақының 10%-ын жеке қорларға міндетті зейнетақы жарналары ретінде аудара бастады.
ГНПФ-қа алғашқы зейнетақы жарнасы келіп түсті.
Жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары пайда бола бастады.
Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар пайда бола бастады.
ГНПФ “Үнсіз келісім қоры” тәртібінде жұмыс істеді: егер басқа қор таңдалмаса, жарналар осы қорға аударылды.
Ерлер үшін 61 жастан, әйелдер 56 жастан бастап зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен 6 ай сайын жарты жылға ұзартыла бастады.
ГНПФ қорлар ішінде алғашқы болып зейнетақы активтерін өз бетінше басқаруға лицензия алды.
Заңнамаға өзгерістер енгізіліп, зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі қағидалары белгіленді.
Зейнеткерлік жасты кезеңкезеңмен ұлғайту шарасы аяқталды: зейнетке шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас болып белгіленді.
Заң зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті деңгейін жасаумен толықты. Ол жұмыскердің және жұмыс берушінің ерікті жарналарына негізделген.
ГНПФ-тың инвестициялық мүмкіндіктері бойынша шектеулер алынып тасталды.
ГНПФ-тың “Үнсіз келісім қоры” мәртебесі жойылды.
Зейнетақы жинақтарының сақталу мәселесі шешіле бастады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларды өндіріп алу ережесі бекітілді.
Жұмыс берушілер арнаулы мамандық иелерінің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудара бастады.
Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үлгісі белгіленді және зейнетақыны сақтандыру ұйымдары арқылы алуға мүмкіндік берілді.
Жұмыс берушілердің уақытылы ұстап қалмаған және аудармаған жарналар үшін жауапкершілігі күшейтілді.
Зейнетақы төлемдерін кешіктірген қорларға қатысты санкциялар белгіленді.
“Moody International” ГНПФ-қа Қор менеджментінің халықаралық ISO 9001:2000 стандартына сәйкестігі туралы сертификат табыстады.
ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен қатар ГНПФ-тің акционері атанды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Заңнама тұрғысында тұрғындарды зейнетақымен қамсыздандырудың базалық деңгейі енгізілді.
Еуропа Қайта құру және Даму банкінің ГНПФ-тің акционерлік капиталына енуге ниет білдіргендігі туралы Меморандумға қол қойылды.
ГНПФ Қазақстан Республикасының зейнетақы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін “EuroMarket Award” сыйлығын алды.
Тұңғыш рет құжат жүзінде бірнеше инвестициялық портфельдің пайда болу мүмкіндігі және қажеттілігі бекітілді.
Бірыңғай есепке алу орталығы құрылды. Сол арқылы жинақтар бір қордан екінші қорға аударыла бастады.
Салымшылар жинақтарының атаулы табыстылығын қолдау бойынша соттан тыс жауапкершілік бекітілді.
ГНПФ басқа қорлардың ішінде тұңғыш рет зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақыны 0,0475%-ға дейін қысқартты.
Еуропа Қайта құру және Даму банкі ГНПФ акционерлерінің құрамына кірді.
ГНПФ өзінің сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001: 2000 стандартына сәйкестігін ресертификаттауға қатысты аудиттен сәтті өтті.
Қазақстан қор биржасы 2006 жылдың қорытындысы бойынша ГНПФ-ті бейбанктік ұйымдар арасында бағалы қағаздар нарығының көш басшысы деп таныды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығы атап өтілді.
ГНПФ сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша бақылау аудитінен сәтті өтті.
Сәуірден бастап зейнетақы қорлары арасында автоматты аударымдар жүйесі енгізілді. Бірін-бірі қайталайтын шоттар бір шотқа біріктіріле бастады.
Маусымнан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, қорлардағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдік ережесі күшіне енді.
Зейнетақы аннуитеттерінің танымалдығы арта бастады – бір жыл ішінде сақтандыру ұйымдарына 12 млрд теңге аударылды.
Зейнетақы жүйесін дамыту бойынша Ұсынымдар әзірлеу комиссиясы құрылды. Ол әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуды ұсынды.
Зейнетақы қорларын листингтік компанияларға айналдыру арқылы оларды қор нарығына шығару мүмкіндігі талқыланды.
ГНПФ беделді халықаралық Global Pension Fund Awards сыйлығын алды.
ГНПФ инвестициялық табыстан алынатын комиссиялық сыйақыны 15%-дан 12%-ға, ал зейнетақы активтерінен алынатын сыйақыны 0,0475%-дан 0,0375%-ға дейін қысқартты.
Сақтанымпаздық және ұстамды инвестициялық портфель енгізілді.
“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” жаңа редакциядағы Заң күшіне енді.
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды.
ГНПФ атауы БЖЗҚ болып өзгертіліп, қайта тіркелді. БЖЗҚ жұмысқа кірісті.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы ҚР Ұлттық Банкімен шарт жасалды. Басқару үдерісі қазан айында басталды.
Қаржы құралдары мен ақшаларды сақтау және есепке алу бойынша БЖЗҚ мен ҚР Ұлттық Банкі арасында кастодиалдық қызмет көрсету шарты жасалды.
ҚР Ұлттық Банкі жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін БЖЗҚ-ға қабылдау-өткізу кестесін бекітті.
2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын жыл сайын 6 айға ұзарту – заңнама жүзінде енгізілді.
Жұмыс берушілер зиянды өндірістерде істейтін жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудара бастады.
Жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелерін БЖЗҚ-ға қабылдау-өткізу үдерісі аяқталды.
Маусымға дейін жеке қорлардағы салымшылардың барлық тарихи деректері БЖЗҚ-ға өткізілді.
БЖЗҚ FIAP-тың толыққанды мүшесі атанады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау шарты енгізілді.
БЖЗҚ ақпараттық жүйесі мен электрондық үкімет порталы біріктірілді.
БЖЗҚ Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды.
Инвестициялық табыстан алынатын комиссиялық сыйақы 30%-ға, зейнетақы активтерінен алынатын сыйақы 10%-ға қысқартылды.
Еңбек сіңірген жылдарының баржоғына қарамастан, әлеуетті құрылым қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру республикалық бюджеттен жүзеге асырыла бастады.
Бұған дейін әскери қызметшілердің шотына бюджеттен аударылған міндетті жарналардың 50%-ын бюджетке қайтару үдерісі аяқталды.
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оның құрамына қаржыгерлер, журналистер, қоғамдық белсенділер және т.б. енді.
БЖЗҚ бірқатар электрондық сервистерді іске қосты. Олар Қор қызметтерін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ Директорлар кеңесі Қордың 2017-2021 жылдарға арналған корпоративтік даму стратегиясын бекітті.
БЖЗҚ жеке қорлардың зейнетақы активтерін біріктіру барысында алынған проблемалық эмитенттермен белсенді жұмыс істей бастады.
БЖЗҚ ақпараттық қауіпсіздік бойынша ISO/IEC 27001:2013 стандартына сәйкестік жөнінде Британия Стандарттар Институтының сертификаттауынан сәтті өтті.
БЖЗҚ үш ай сайын Ашық есік күндерін өткізе бастады. “Қоғамдық қабылдау” және “Басқарма Төрайымының блогы” онлайн сервистері іске қосылды.
БЖЗҚ Алматы мен Астана қалалары және барлық облыстардың атқарушы органдарымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Зейнетақы активтерінен алынатын комиссиялық сыйақыны 33%-ға азайту туралы шешім қабылданды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толды.
Қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төлемдер ай сайын жүзеге асырыла бастады.
Әйелдердің зейнетке шығу жасы кезеңкезеңмен ұлғайтыла бастады.
БЖЗҚ “Қазпошта” АҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға және Шаралар жоспарына қол қойды.
БЖЗҚ Сапа Менеджменті Жүйесінің ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкестігі аудитінен сәтті өтті.
БЖЗҚ Қордың 18 өңірлік филиалына өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын орнатып, пайдалануға берді.
БЖЗҚ шалғай орналасқан елдімекендер үшін “Мобильдік кеңсе” жобасын іске қосты.
Шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгерді. Енді оны есептегенде еңбек өтілі және зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.