Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс БЖЗҚ салымшыларының шоттары 2024 жылдың 2 айында шамамен 343,6 мдрд теңгені болды және өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 139,21 млрд теңгеге немесе 68% - ға асып түсті.
Өздеріңіз білетіндей, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты - түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және одан табыс алу.
БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 1 наурызындағы негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың 1 наурызына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке және шартты шоттарында 18,5 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. Жыл басынан бері олардың өсімі 01.03.2024 ж. 641 млрд теңгеден асты (3,6%). Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,4 трлн теңгеге немесе 22,3% өсті.
Бұл іс-шара дәстүрге айналды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өткізілді. Бұл жолы басты күн тәртібіндегі мәселе "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбы болды.
"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді.
2024 жылдың ақпан айында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толған азаматтардың БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шоттарына (бұдан әрі - НЖШ) алғашқы төлемдер түсе бастады. Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% мөлшері жыл сайын 18 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін барлық балалар арасында бөлінеді.
1. Арнаулы әлеуметтік төлем қашан, кімдер үшін және қандай мақсатта енгізілді?
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін одан әрі арттыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 01.01.2024ж. бастап 01.02.2024ж. дейінгі аралықта халыққа 10,5 млн қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4 есе көп. Оның ішінде электрондық форматта - 2 млн. астам, автоматты форматта - 8,3 млн. Күндізгі форматта 115 мыңнан астам қызмет іске асырылып, оның ішінде 107 мыңға жуық қызмет тікелей Қор кеңселерінде көрсетілді.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқару туралы есебін ұсынады.
Ағымдағы жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 109,6 млрд теңгеден аса таза инвестициялық кіріс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 45,7 млрд теңге немесе 72% артық.
БЖЗҚ-ның 2024 жылдың 01 ақпанындағы негізгі көрсеткіштері.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 18,1 трлн теңгеден асты. Олардың 2024 жылдың бірінші айындағы өсімі шамамен 240,5 млрд теңге (1,3%). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі 3,3 трлн теңгеге (21,9%) өсті.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның қаржы және зейнетақы жүйесін құрудың қайнар көзінде тұрған адамдармен сұхбаттар топтамасын жалғастырады.
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі - БЖЗҚ, Қор) GitHub сайтындағы құжаттарға белгісіз тұлғалар орналастырған қазақстандықтардың дербес деректерінің БЖЗҚ дерекқорынан шығуы туралы желіде таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні туралы ресми мәлімдеме жасайды.
Тарих
2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру құқықтары көлеміне тең деңгейдегі құқықтар берілетініне кепілдік береді.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде отандастарымызға Ұлттық қордан өтемақы төленетіндігі туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпаратқа сәйкес, аталмыш өтемақыны Қазақстанның кез келген тұрғыны ала алады-мыс. "БЖЗҚ" АҚ мұның шындыққа сәйкес келмейтінін ескертеді және онда көрсетілген сілтеме бойынша өту Ұлттық қордың жалған сайтына әкеледі. Онда алаяқтар аңғал азаматтарды алдау жолымен олардың дербес деректерін, салық аударымдарын, еңбек өтілін, сатып алуға қабілетін, ЖСН біледі және осы мәліметтерді пайдалана отырып, банктегі шоттарынан ақша қаражатын ұрлауға мүмкіндік алады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден, егер мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде МЗЖ ұстап қалуға және оны БЖЗҚ-ға аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз уақытқа белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтар жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ-ны ұстап қалуға келісім беретіндігі туралы өтініш беруге құқылы.
"БЖЗҚ" АҚ Қазақстанның қаржы және зейнетақы жүйесін құрудың қайнар көзінде тұрған адамдармен сұхбаттар топтамасын жалғастырады.
"Эйр Астана" АҚ акциялары сатып алу бағасымен салыстырғанда бағаның шамамен 13% өскенін көрсетуде.
"БЖЗҚ" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін, олар 55 жасқа толған және олар үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МКЗЖ) жиынтығында кемінде 84 ай төлеген кезде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап мына төлемдер енгізілді:
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан кейінгі алғашқы нәтижелерді бағамдай отырып, төмендегі деректерді атап өтуге болады: